Көлік-логистика саласы - экономикамызды алға бастайтын басты күштің біріне айналуы тиіс. Бұл - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жүктеген негізгі міндеттерінің бірі. Мемлекет басшысы үш жыл ішінде оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кемінде 9 пайызға жетуге тиіс, - деді. Тапсырмаға сәйкес, алдағы үш жылда 1300 шақырым темір жол желісі іске қосылады.
Жақында Алматы облысында Алматы стансасын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысы басталды. Жетіген–Қазыбек жаңа теміржолы жүк ағынын 40%-ға азайтып, жүк жеткізу уақытын едәуір қысқартады.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша іске асырылады. Және еліміздегі көлік инфрақұрылымын дамытуға септігін тигізеді. Іске асыру, жүктерді жеткізу мерзімін екі есе қысқартады. Жобаны жүзеге асыру барысында Қазақстанның үлесі 85%-дан астам болатынын ерекше атап өту керек.
Жаңа теміржол 2025 жылы іске қосылады. Сонда елдер арасындағы жылдық жүк тасымалдау көрсеткіші 20 млн тоннаға ұлғаяды. Ал қазір Қазақстан мен Қытай арасында екі теміржол бар. Олардың жылдық өткізу қуаты – 28 млн тонна. Өзге бағыттардағы жұмыстар да басталып кетті.
Әнуар Ахметжанов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының стратегия жөніндегі орынбасары:
Өткен жылы Достық-Мойынты бағытында екінші жолақтың құрылысы басталды. Құрылыс аяқталғаннан кейін ол жердің өткізу қуаты 5 есе артып, күніне 60 пайыз өткізуге мүмкіндік береді. Жуық арада Алматы айналма жолы мен Дарбаза-Мақтарал бағытындағы жұмыстарды бастаймыз. Осылайша күннен күнге біздің транзиттік әлеуетіміз арта түседі.
Бұрын Қытайдан кірген жүк батыс шекарамызға 2 апта жүріп баратын. Жылдам локомативтердің және кедендік бақылау-рәсімдеу жұмыстарын тездету есебінен ол 6 күнге қысқарды. Дегенмен бұл да аздық етіп тұр. Маңызды бағыттардың бірін қытайлық компаниямен бірлесіп салу көзделіп отыр.
Марат Қарабаев, ҚР көлік министрі:
Онда тек қана теміржол өтпесін ғана салу емес, соның маңайында тиісті терминалдық проход салу және Қазақстанның Аягөз қаласынан.
Сонымен қатар көлік жолдарына инвесторлар тартыла бастады. Мәселен, Алматыны айналып өтетін үлкен дәліз іске қосылды. Ақылы транзиттік жол көлік ағынын мегаполисті айналып өтуге мүмкіндік беріп отыр. Саладағы түйткілді мәселелерді реттеу үшін Президенттің пәрменімен Көлік министрлігі құрылды. Олар 2030 жылға дейін саланы дамытудың тұжырымдамасын әзірлеген.
Жайнар Асылбекова, «ҚТЖ»ҰК АҚ өкілі:
Осы тұжырымдамаға сәйкес біз 2030 жылға дейін Жалпы транзит көлемін 35 млн тоннаға жеткізуіміз керек. Оның ішінде республикалық маңызы бар 8 мың шақырым автомобиль жолдарын және жергілікті деңгейдегі 30 мың шақырымға жуық автомобиль жолдарын жөндеп қайта құруымыз керек.
Осылайша, саладағы алыс-берісті Қытайдан Орталық Азияға жөнелтілетін ұсақ тауарлардың барлығы Қазақстан арқылы өтеді. Бүгінгі бастамалар жүзеге асса Президент айтқан транзиттік хабқа айналу мүмкіндігіміз арта түспек.
Қуан Нұрақын