Ақтөбеде «Аграрлық несие корпорациясының» өңірлік филиалы директорының орынбасары сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде «Аграрлық несие корпорациясының» өңірлік филиалы директорының орынбасары сотталды

21.12.2023

Ақтөбеде «Аграрлық несие корпорациясының» өңірлік филиалы директорының орынбасары сотталды. Оған алаяқтық жасады деген айып тағылған еді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғаны – шаруа қожалығының басшысы шет елден әкелінген 277 бас асыл тұқымды малды сатып алу үшін несие алмақ болып, корпорацияның облыстық филиалына өтінішпен келген. Оған 90 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген. Одан кейін мекеме қызметкері қожалық басшысын алдап, Ресейден мал сатып алып, оны жеткізу үшін серіктестіктердің бірімен шарт жасатқан. Ештеңеден күдіктенбеген фермер белгісіз шотқа 90 миллион теңгені түгелдей аударған. Бұл қаражатты директордың орынбасары өз мақсатына жұмсағаны анықталды. Ол бес жылға бас бостандығынан айрылды.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу