Хамас уақытша бітім туралы ұсынысты қабылдаған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хамас уақытша бітім туралы ұсынысты қабылдаған жоқ

21.12.2023

Палестиналық Хамас тобы Израильдің кепілдегілерді босатуға айырбас ретінде уақытша бітім жариялау туралы ұсынысын қабылдаған жоқ. Қарулы топтың лидері Исмаил Хания бастаған делегаттар Каирде Мысыр билігімен кездескен. Басқосуда Хамас өкілдері алдымен Израиль атысты толықтай тоқтатып, Газадан әскерін шығаруға тиіс деп мәлімдеді. Бұған қоса, палестиналық тұтқындардың бәрін түрмелерден босатуды талап еткен.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу