Павлодарда дәрігерлерге жалған сертификаттар сатылып келген. Осы іске қатысы бар медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің бөлім басшысы мен тағы 3 қызметкері ұсталды. Қазір қылмыстық іс сотқа жолданды. Тексеру барысында цех ішінен 1200 дайын сертификат табылған.
Медет Амралинов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы:
Анығында цех Семей қаласында болған. Күдікке ілінген Павлодарлық азаматтар сонда барып, принтер және сканер арқылы құжат дайындаған. Осылайша дәрігерлерге біліктілігін көтеру үшін жоғары оқу орнында курстан өтті деген куәлік беріп отырған. Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің 4 қызметкеріне қатысты қылмысты дәлелдеп, істі сотқа жібердік.
Болат Аманбаев