Елімізде 1265 адам діни теріс ағым құрсауынан шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 1265 адам діни теріс ағым құрсауынан шықты

21.12.2023

Биыл 1200-ден аса адам теріс ағым құрсауынан шықты. Адасқандардың басым бөлігінің жас мөлшері 20 мен 40 жас аралығы. Олардың әрқайсысымен жұмыс істеу үшін біріне апталап, енді біріне айлап, тіпті жылдап уақыт кеткен. Оңалту жұмыстары теріс ағымды ту етіп, терроризм ісі бойынша сотталғандармен де жүргізілген. Темір тордағыларды теолог мамандар радикалды діни райынан қайтарған. Еліміздің Бас мүфтиінің айтуынша, жат ағымға рухани жұтаң адамдар бейім болып келеді.

Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти:

Қоғам болған соң, өмір болған соң өкінішке орай адасушылықтар болып жатады. Оның барлығы неден болуы мүмкін, біз туғаннан бастап ата дәстүрімізді білуіміз керек. Көбіне біз жастарды кінәлаймыз. Біз жастардан бұрын ата-ана өзі дәстүрді қаншалықты біледі. Осыған көңіл бөлуіміз керек.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу