Жетісу облысының тұрғыны пәтер ұтып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысының тұрғыны пәтер ұтып алды

21.12.2023

Армандар орындалады!KMF компаниясының клиенті Елордадан пәтер ұтып алды. Қарашада өткен ұтыс ойынының бас жүлдесі Жетісу облысының тұрғынына бұйырды. 57 жастағы жеңімпаз Астанаға келді. Пәтер кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімінде әріптесіміз болып қайтты.

KMF компаниясы дәл қазір 260 мыңнан аса клиентке қызмет көрсетеді. Олардың басым бөлігі – өңірлерде шағын бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер. Ал KMF-Qurmet ниеттестік бағдарламасының қатысушылары арасында ұтыс ойыны тікелей эфирде өтті. Жүлдеге тігілген пәтер Астанадағы жаңа тұрғын үй кешенінде орналасқан.

Абзал Дүйсембеков, KMF компаниясының аймақтық директоры:

КМФ құрмет дейтін ниеттестік бағдарлама бар, сол бойынша 100 мыңнан астам клиент қатысып, солардың ішінде Жұмагүл Айтбайқызы, Жетісу облысы, кіші шағынауданының тұрғыны Елордадан пәтер ұтып алды.

Ұтыс жеңімпазы Жұмагүл Айтбайқызы өзінің пәтер ұтқанына алғашында сене алмаған. Қуанышын бірден балаларымен бөліскен. Ендігі арманым Елордаға қоныс аудару дейді.

Жұмагүл Айтбайқызы, ұтыс жеңімпазы:

Бірінші бұл қуанышты қайындарыммен күйеуімнің іні-келіндеріммен бөлістім бірінші қуанышымды. Сендердің балаларын кішкентай, Астана мен Алматыдан үй алсаңдар деген ойым болып еді. Ойлаған ойыма жеттім деп ойлаймын. 5-29 Болашақта бала-шағаммен көшіп келемін.

KMF компаниясы нарықта 26 жылдан аса уақыт бойы жұмыс істейді. Мақсат кә¬сіп¬кер¬лікті дамытуға бағыт¬тал¬ған. Компанияның еліміз бойынша 17 филиалы мен 120 бөлімшесі бар.

Хабарламаларға жазылу