Чехияда елде қаралы күн жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чехияда елде қаралы күн жарияланды

22.12.2023

Чехияда сенбі ұлттық деңгейдегі қаралы күн деп жарияланды. Ал президент Петр Павел халықты бірлікке шақырды. Айта кетсек, өткен тәулікте ел астанасы Праганың Карлова университетінде атыс болып, 14 адам қаза тапты. Жараланғандар саны 25-ке жетіп отыр. Көп кешікпей шабуылшының мәйіті табылды. Ол осы оқу орнының 24 жастағы студенті болып шықты. Оның неліктен ауыр қылмысқа барғаны белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қайғылы оқиға алдында шабуылшының әкесі қайтыс болған. Ал өткен аптада Прага маңындағы орманда екі адам өлтірілді. Полицейлердің сөзінше, олардың өліміне де осы студенттің қатысуы болуы мүмкін деген мәлімет тексеріліп жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу