Елордада су тапшылығы реттелді – әкімдік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада су тапшылығы реттелді – әкімдік

22.12.2023

Енді Астанада су тапшылығы болмайды. Себебі, қосымша құбырлар іске қосылып, жер асты суының кен орнын жобалау жолға қойылды. Бұл туралы қала әкімі мәлімдеді. Сорғы станцияларын кеңейту жұмыстары да аяқталуға жақын. Ал жаз мезгіліндегі су тапшылығы қала халқының күрт өсуінен болды дейді, Жеңіс Қасымбек. Соңғы үш жылдың өзінде елордалықтардың саны 200 мыңға артқан.

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК, ҚАЛА ӘКІМІ:

Қазір бізде профицит бар, 100 мыңнан астам. Ол қаланың өсуіне байланысты санасақ 3-4 жылға жететін мүмкіншілік. Оған қосымша 3 жобаны бастайын деп жатырмыз, келесі жылы. Ол да екі жылдың ішінде бітеді. Ол 2030 жылға дейін кепілдікті беріп отыр, су мәселесі бойынша.

2 МЛРД ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛДІ

Сондай-ақ Астана қаласының әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қардың кеш түсуі 2 млрд теңге үнемдегенін жеткізді. Жеңіс Қасымбек бұл қаржы әлеуметтік салаға жұмсалатынын айтты. Атап айтсақ, бас шаһардағы мектеп пен балабақша құрылысына.


Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу