Атырау облысына қарасты Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында 75 орындық аурухана ашылды. Жаңа нысанда МРТ, цифрлық рентген, соңғы үлгідегі УЗИ аппараты, ота жасауға арналған лапороскопиялық қондырғы бар. Сондай-ақ барлық палата көпфункционалды кереуеттермен жарақталған. Орталық аурухана ғимараты 55 орындық негізгі корпус, 10 орындық балалар бөлімшесі, 10 орындық инфекциялық бөлімшеден тұрады. Барлық санитарлық ережелер мен талаптарға сай, заманауи үлгіде салынған. Енді Құлсары тұрғындары өз қаласында медициналық көмек ала алады. Қазір кадр мәселесін шешу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.
Серік Шәпкенов, Атырау облысының әкімі:
Шалғайлылығы бар, уақыты бар, тағы басқасы сияқты мәселелер болды. Міне, бүгінгі аурухананың ашылуымен бұл сәттердің барлығы толығымен жойылды десек те болады.
Нұрсұлтан Нұрсейіт