Атырауда шетел азаматын ұстап, бопсалаған күдіктілер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда шетел азаматын ұстап, бопсалаған күдіктілер ұсталды

25.12.2023

Атырауда шетел азаматын ұстап, бопсалаған күдіктілер ұсталды. Олар қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 30 жастағы шетелдікті ұрып-соғып, 1 миллион бір жүз мың теңгесін банк есеп-шоттарына аударуды талап еткен. Түрлі дене жарақатын алған Өзбекстан азаматы ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген. Күдіктілер қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы:

Ақпарат бойынша оның омыртқасы мен бет сүйектері сынған. Қазіргі таңда ҚР және Өзбекстан Республикасының 2 күдіктісіне қатысты ҚР ҚК 194 бабының 2 бөлігімен тергеу амалдары басталды және олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды.

Нұрсұлтан Нұрсейітов


Хабарламаларға жазылу