Солтүстік Қазақстан облысындағы 7 мектепте қызылша жұқтырған 14 оқушы тіркелді. Білім ошақтары бақылауға алынды. Ал Ұлттық Ұлан әскери академиясында қызылшамен ауырған 54 адамның 53-і емделіп шықты. Мамандар оқу орнындағы эпидемиялық жағдай тұрақталғанын жеткізді. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде қызылша жұқтырған 21 студент тіркелген еді. Олардың 20-сы ауруханадан шығарылды. Жалпы өңірде қызылша жұқтырғандар саны 183-ке жетті.
Әсет Жұматаев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
Байланыста болған 14 030 адам тіркелді. Соңғы байланыста болған сәттен бастап 72 сағат ішінде шұғыл вакцинация алуға жататындар - 1533 адам. Олардың 1232-сі немесе 80 пайызы екпе алды.
Эльмира Кәленова