Бірде-бір бала бармаған балабақша мемлекеттен ақша алып келген. Тараздағы мектепке дейінгі мекеме 40-тан аса баланы қабылдадық, деп жалған құжат жасайды. Тиісті қағаздарын білім бөліміне өткізіп отырған. Бұл әрекеттің екі жыл бұрын жасалғандығы белгілі болды. Балабақша басшысы 13 млн теңгені қалтаға басқан, - дейді қалалық прокуратура өкілдері. Енді ол жымқырған қаржыны қайтарса да, жазадан құтылмайды. Күдікті уақытша тергеу абақтысына қамалды.
Асылхан Тілешов, Тараз қалалық прокуратурасының бөлім бастығы:
Қылмыстық Кодекстің 190-шы бабы, 4-ші бөлігі, 2-ші тармағымен қылмыстық іс қозғалып, оны жүзеге асыру Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды. Қылмыстық Кодекстің талаптарына сәйкес 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Данияр Әлімқұл