Алматыда кешкі уақытта үйге жету қауіпке айналды, - дейді тұрғындар. Себебі кешке жұмыстан қайтқан жұрт такси тоқтатып, үйіне жетуге асығады. Олардың дені мегаполиске іргелес жатқан облыс тұрғындары. Қас қарая такси бағасы шарықтап кететіндіктен, жолай қайтып бара жатқан көліктерді тоқтатуға мәжбүр. Әсіресе, «Саяхат», «Алтын Орда 1, «Қалқаманның» маңайы халық нөпіріне толып кетеді.