Жетісу облысында 3,4 млрд теңге үнемделді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында 3,4 млрд теңге үнемделді

26.12.2023
Жетісу облысында жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу бойынша 3,4 млрд теңге үнемделді. Бұл қаражатты облыстық сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті тұрақты мониторинг кезінде анықтаған. Мемлекеттік мекемелер сатып алу кезінде бағаларды тым артық ұсынған. Білім, ауылшаруашылығы, денсаулық сақтау және баспана беру мәселесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары жүргізілді. 800-ге жуық шаруаның заңды құқықтары қаралып, 1,6 млрд теңге субсидия берілді. Сондай-ақ заңсыз тіркелген 2600-ден астам адам баспана кезегінен шығарылып, 71 пәтер мемлекетке қайтарылды.

Тимур Әмірәлиев, Жетісу облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының бірінші орынбасары:

Білім беру саласында тек Талдықорған қаласы бойынша 4 млрд теңгеден астам қаражат жымқырылғаны анықталды. Аудандар мен қалалар бойынша қайтаруға міндеттелген қаржы 290 млн теңге.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу