Ақтауда тұрғын үйдің қасбеті өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда тұрғын үйдің қасбеті өртенді

27.12.2023

Ақтауда 6 қабатты тұрғын үйде өрт шығып, бір подьездің қасбеті түгелдей жанып кетті.

Оқиға 38-ші шағын аудандағы 5-ші үйде түнде сағат 01:00 шамасында болды. Небәрі жарты сағатта 170 шаршы метр үйдің қасбеті өртенді. Себебі өрт сөндіру техникасы жанып жатқан аумаққа жақындай алмай, біраз әбігерге түскен. Өйткені тұрғын үйдің ауласы тар оның үстіне, тұрғындар көлік қойып тастаған. Дегенмен қызыл жалын ауыздықталды. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Тұрғындар далаға шығып үлгерген. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу