Ұялы байланыс операторларына қатысты тексеріс басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұялы байланыс операторларына қатысты тексеріс басталды

27.12.2023

Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тексеріс басталды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады. 2023 жылы ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарлары бойынша бағаның 7,7%-дан 57,3%-ға дейін өскені тіркелген. Абоненттер бағаның қымбаттағанына шағымданған. Өтініштерді қарау кезінде биыл тарифтік жоспарлардың шарттары мен ұялы байланыс қызметтерінде бағаның өзгеру динамикасы талданған.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу