Павлодар әкімдігі 52 млн теңгені игерілді деп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар әкімдігі 52 млн теңгені игерілді деп отыр

27.12.2023

Павлодардағы жаңбыр суымен бірге шайылып, күл талқаны шыққан мұз қалашығына бөлінген қаржы тұтастай мердігердің есеп шотына жіберіліп қойыпты. Тапсырыс беруші қала әкімдігі күн суытса нысанды қалпына келтіреміз дейді. Естеріңізге сала кетейік, Павлодар қаласы әкімдігінің жаңа жылды мерекелеуге 185 млн теңге қаржы бөлгені қоғам тарапынан сынға іліккен болатын. Бұл қаржының 53 млн теңгесі мұз қалашығын салуға арналған. Бірақ нысанның қызығын тұрғындар көре алмады.

Ғизат Смайлов, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

52 млн теңге бөлінді. 52 млн теңге игерілді. Нысанды қабылдап алдық.

Қала әкімдігінің өкілі журналистерге мұз қалашығынық сметалық-жобалау құжаттарын көрсетуден бас тартты. Бар айтқаны мұздан құйылған бір текше метр кірпіштің құны 15 мың теңге екен. Қалашықты салуға 275 текше метр мұз кірпіш жұмсалған. Яғни, негізгі материалға 4 млн 125 мың теңге қаржы кеткен. Осы орайда мұз сырғанаққа қатысты тағы бір ақпаратты айта кетсек, өңірдегі Павлодар ауданы Богдановка ауылы тұрғындары өз күштерімен мұз сырғанақ салыпты. Оған небары 220 мың теңге қаржы жұмсаған. Ең қызығы күннің жылынып, жаңбыр жауғаннан ауыл сырғанағына еш зиян келмеген.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу