Республиканың біраз бөлігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады – Қазгидромет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республиканың біраз бөлігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады – Қазгидромет

27.12.2023

Ақтүтек боранда адасып кеткен Қостанай облысындағы екі тұрғынның денесі табылды. Әжесі мен немересі үсіп қалған. Олар боранға қарамастан көрші ауылға жаяу шығып кеткен. Ал қатты желдің кесірінен өткен тәуліктен бері жарықсыз қалған Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарындағы 100-ден аса елді-мекендерге электр энергиясы біртіндеп беріле бастады. Ауа-райының әлегін Самал Қабышева баяндайды.

ГЕО: қостанай облысы

титр: әуесқой түсірілім

тақырып: боранда жоғалған екі адамның денесі табылды

Шум: Боранда еңбектеп кетіп бара жатқандар.

КСМ: Бұл Қостанай облысының тұрғындары. Өңірде желдің қатты болғаны соншалықты жолда жаяу жүру мүмкін емес. Бет қаратпайтын ақтүтек боранда адамдар еңбектеп барады. Ал, осындай ауа-райында жолға шығып кеткен Степное ауылының 58 жастағы тұрғыны мен оның 11 жастағы немересінің денесі тура бір тәуліктен кейін табылды.

СНХ: Тілеуберді Нұрахметов - ПД басқармасының бөлім басшысы

Аударма: Денелері өздері тұратын ауылдың жанынан табылды. Қатып қалған. Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

ГЕО: ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

КСМ: Кешеден бері халықты әбігерге түсірген боран қазір Қостанай облысында басылды. Электр желілері үзілген 100-ден аса елді-мекеннің жартысынан көбіне жарық берілген. Желілерді қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

ГЕО: СҚО (( 92 ауылда жарық жоқ ))

КСМ: Қостанаймен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының 181 ауылында ескірген электр сымдары үзіліп, жұрт жарықсыз қалған болатын. Қазір 92 елді-мекеннің тұрғындары әлі май шаммен отыр.

ГЕО: СЕМЕЙ (( оқушылар онлайн оқып жатыр ))

КСМ: Ал, Семейде көктайғақ. Бүгін 1 сыныптан бастап 11-сыныпқа дейінгі барлық мектеп оқушылары қашықтан оқып жатыр. Казгидромет мамандары ауа-райының қолайсыздығына атлантикалық циклон әсер етіп жатыр дейді.

Афродита Пірімжар - "Қазгидромет" РМК 1 санатты инженері

Қазақстанның бүкіл аумағының ауа-райына Атлантикалық циклон өз әсерін сақтап, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкеледі, сондай-ақ бұрқасын,, көктайғақ және желдің күшеюі күтілуде. Екпіні желдің 15-28 м/с, 29-30 желтоқсанда солтүстік және оңтүстік өңірлерде өте қатты жел 30 м/с және одан аса болады деп күтілуде.

Ауа-райы: бұрқасын соғып, көктайғақ болады 

Самал Қабышева, тілші

Сондай-ақ, каздидромет мамандары 30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында еліміздің басым бөлігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады деп болжауда. Сондықтан, алыс жолға шықпауға кеңес береді. Ал соңғы тәулікте құтқарушылар 300 аса адамды қар құрсауынан шығарған.


Хабарламаларға жазылу