Жайылым жерлер туралы заң өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жайылым жерлер туралы заң өзгереді

28.12.2023

Қазақстан жайылым жерлерінің көлемі бойынша әлемде бесінші орында. 184 млн гектар алқап малға қолайлы. Алайда ауыл халқы малын бағар жер таппай жүр. Осы мәселені шешу үшін Мәжіліс жайылым жерлер туралы заң жобасын қарап, мақұлдады.

Жаңа құжатта жайылымдарды конкурссыз беру нормасы алынып тасталды. Жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметтері бойынша бұған дейін 2 миллион гектардан астам алқап жеке және заңды тұлғаларға конкурссыз берілген. Елдімекеннің айналасындағы ауыл тұрғындарының малын жаюға арналған жерлердің мәртебесін нығайту үшін көпшілік пайдаланатын жайылымдар деген жеке ұғым енгізілді. Заң жобасын қарау барысында 200-ден аса ұсыныстар түсті, 72-сі қабылданды.

Нұржан Әшімбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Енгізіліп отырған өзгерістер тұрғындардың қажеттілігіне қарай жайылымдардың жетіспеушілікті мәселелерін шешуге ықпал етеді. Пайдаланылмай жатқан телімдерді қайтару бойынша жұмыстарды күшейтеді. Сондай-ақ, жерді беру және пайдалану тәртібі бойынша жергілікті тұрғындарға шешім қабылдау үдерісіне тартуға мүмкіндік береді. Осы саладағы сыбайлас жемқорлықты азайтады.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу