Павлодардың іргесіндегі шағын қала Ақсуда Жаңа жылдық шырша мерекесінде күтпеген жағдай болды. Бұл 300-ге тарта мүгедек балалардың Аяз атадан алған сыйлықтары. Тәтті-дәмдінің сақталу мерзімі өтіп кеткен. Бірақ оны бірден байқау мүмкін емес. Себебі, қорапша маркировкаларындағы жазу көрінбес үшін үстінен жапсырма салған. Шараны ұйымдастырған қалалық оқу бөлімі балалармен мен олардың ата-аналарынан кешірім сұрады. Алдағы екі күнде басқа сыйлықтар әкеліп беруге уәде берді. Өкілетті органның мәліметіне қарағанда жүріп тұруы қиын балаларға арналған жаңа жылдық мерекені әлеуметтік қорғау бөлімі ұйымдастырған. Ал сыйлықтарды демеушілер арқылы оқу бөлімі әкеліпті. Бюджет қаржысы шығындалмаған.
Болат Аманбаев