Қостанай облысындағы Қамысты ауданының тұрғындары 2300 дана аққала соғып, әлемдік рекордты жаңартты.
Бұған дейін мұндай рекорд 2018-ші жылы Қытайдың Харбин қаласында тіркелген. Онда сол жылдың санына орай 2018 аққала жасалыпты.
Қамыстыдағы жұмысқа бюджет қаржысы бөлінбеген. Белсенді тұрғындар көтерген бастаманы жүзеге асыруға әрбір мекеме, білім ошақтары атсалысты. Биіктігі 90 см-дей болатын мүсіндердің тең жартысы қардан, тең жартысы әртүрлі қатты материалдардан дайындалыпты. Яғни, оларды келер жылы тағы да жаңажылдық мерекенің символы ретінде пайдалануға болады. Ауданға «Қазақстан рекордтар кітабының» өкілі келіп, аққала жасаудан 2018-ші жылғы әлемдік рекорд жаңарғаны жайлы сертификатты табыс етті.
Бибіхадиша Әлтекенова, Қамысты ауданының тұрғыны:
Бәрімізге келе жатқан жаңа жыл құтты болсын. Биылғы жыл біз үшін ерекше. Аққала сорғудан рекорд жаңарттық. Табысты жыл болсын енді.