Астана қаласы мен еліміздің 15 облысында дауылды ескерту жарияланды. Республикада солтүстікте, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, тұман түсіп, көктайғақ болады. Жылдамдығы секундына 30 метрден асатын бұрқасын мен қатты жел күтіледі. Қала аралық бағытта 5 жол жабық тұр. Метеорологтардың айтуынша, Атлантикалық циклон мен атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен Қазақстанның бүкіл аумағында тұрақсыз ауа райы әлі сақталады. Құбылмалы ауа райында абай болыңыздар.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің 15 облысында дауылды ескерту жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/186987/)