Президент Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығына барды

29.12.2023

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығына барды. Заманауи зерттеу мекемесі биыл пайдалануға берілген. Президент орталықты аралап көріп, қызметкерлердің жұмысына сәттілік тіледі.

Егер басқа зертханалардағы зерттеулердің дәлдігіне күмән туса онда соны тексеретін елордада орталық бар. Ол Президент Іс басқармасы Медициналық мекемесінің жанынан биыл ашылған - Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы. Жаңа нысанды президент аралап көрді, мүмкіншілігімен танысты.

Сәуле Шәріпова, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры:

Елімізде алғаш рет осындай зерттеу орталығы салынды. Заманауи мекемеде пациенттерге де, қызметкерлерге де барлық жағдай жасалған.
Мұнда қоршаған орта нысандарына және тамақ өнімдеріне түрлі зерттеу жүргізіледі. Атап айтқанда бактериологиялық, молекулярлық-генетикалық, паразитологиялық пен санитариялық-химиялық және токсикологиялық әрі радиологиялық жағынан құрамын анықтауға болады. Орталықта заманауи зертханалық құрылғылар орнатылғандықтан қорытындысы жылдам шығады, қаржы да үнемделеді. Мұнда 8 зертхана жұмыс істейді. Жыл сайын зерттеулер номенклатурасын 2000-ға дейін көбейту көзделген. Президент Іс басқармасы Медициналық орталығы басшысының айтуынша, мекеменің Орталық Референс зертхана мәртебесіне ие болуына мүмкіндігі мол. Себебі, халықаралық сапа және құзыреттілік стандарттары енгізілген. Қасым-Жомарт Тоқаев медициналық орталықтың қоғамдық денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі мен стратегиялық маңызын айрықша атап өтіп, қызметкерлерге сәттілік тіледі.


Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу