Жаңа жыл алдындағы қарбалас: Алматыны мерекеге сай безендіру үшін 511 млн теңге жұмсалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа жыл алдындағы қарбалас: Алматыны мерекеге сай безендіру үшін 511 млн теңге жұмсалған

29.12.2023

Жаңа жыл алдындағы қарбалас. Өтіп бара жатқан жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп. Осыдай деген алматылықтар ұлу жылын бар сән-салтанатымен қарсы алуға апта басынан қамданып жатыр. Мегапоистегі меркелік көңіл күйді тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес жеткізеді.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, мегаполис халқы жаңа жыл кешіне дайындықты бастап кеткен. Қаладағы сауда ортылықтары мен базарлар адамдарға лық толы. Барлығының мақсаты – 31 желтоқсан күні дастарханды дәмді аспен жайнату. Кейбіреулер бұл мерекені қарапайым түрде атап өсте, енді бірі бар сән-салтанатымен тойлағанды құп көреді. Мереке қарсаңында көкөніс пен жеміс-жидек сөрелері тез босап қалып жатыр, - дейді саудагерлер.
Жанар Райымқұлова, саудагер:

Жаңа жылдың қарсаңында саудамыз керемет, көңіл күйіміз күшті. Ел апельсин, мандарин алып жатыр. Дастарханға қойылатын жеміс сол ғой өзі бала кезімізден.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Жаңа жылға арналған мерекелік шаралар мегаполисте бір апта бұрын басталып та кетті. Көшелер, ғимараттар безендіріліп, Республика сарайының алдына ТМД-дағы ең биік шыршалардың бірі қойылды. Биіктігі 20 метр. Жыл сайнығы дәстүрге сай Аяз аталар шеруі өтті.
Қаланы мерекеге сай безендіру үшін 511 млн теңге жұмсалған. Сондықтан алдағы күндері танымал әнші, өнерпаздардың қатысуымен ауқымды концерттер ұйымдастырылады. Мерекелік атмосфераны сезінгісі келетіндерді шаһар билігі Астана, Абай алаңдарына шақырады. «Халық арасында Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, жылың солай өтеді», - деген тәмсіл бар. Ал астрологтар «ұлу жылында қазақстандықтардың тұрмысы жақсара түседі» еген болжам айтып отыр.

Индира Омарова, астролог:

Ұлу жылы қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайы жақсарады. Адамдардың байып кетуіне мүмкіндік туады. Дегенмен қиын кезеңдер де боуы мүмкін. Бірақ, кедергілерден сүрінбей өтсеңіз, әрі қарай жолыңыз ашылады. Ең бастысы, қолда бар қаражатыңызға абай болыңыз. Өйткені алаяқтық көбейеді.
Мегапоисте 31 желтоқсан сағат 0:00-де отшашу болады. Дегенмен, ТЖД пиротехниалық бұйымдарды пайдалану бойынша қауіпсіздік шараларын қадағалауға көшкен. Өйткені жыл сайын мегаполисте от шашудың кесірінен 10-нан астам өрт болады екен. Сақ болайық.


Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу