Жылыжайда өсетін көкөніс пен жеміс-жидекке сұраныс артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жылыжайда өсетін көкөніс пен жеміс-жидекке сұраныс артқан

29.12.2023

Жаңа жыл қарсаңында жұрт жаппай базарлар мен сауда орталықтарына барып көкөніс, жеміс-жидек пен тәттілер алатыны белгілі. Осы ретте Түркістан облысының шаруалары жылыжайда көкөністің түр-түрін өсіріп, барлық қалаларға жөнелтіп жатыр. Қазір Сарыағаш ауданындағы жылыжайларда қызанақ, қияр, болгар бұрышы тіпті лимон мен құлпынай да өсіріледі.

Жаңа жыл қарсаңында жұрт жаппай базарлар мен сауда орталықтарына барып көкөніс, жеміс-жидек пен тәтті-тәпсек алатыны белгілі. Осыған орай, Түркістан облысының шаруалары жылыжайда көкөністің түр-түрін өсіріп, барлық қалаларға жөнелтіп жатыр. Қазір Сарыағаш ауданындағы жылыжайларда қызанақ, қияр, болгар бұрышы мен лимон, құлпынай өсіріледі.

Еліміздегі жылыжайлардың ең көп шоғырланған жері Сарыағаш ауданында қазір диқандардың жұмысы қауырт. Бірі жаппай қияр жинап жатса, енді бірі қызанақтарды 

Ал Бағыс ауылында тұратын шаруа Манатәлі Таңсықбаевтың жылыжайында жаппай лимон теріліп жатыр. Цитрус жемісінің «Меир» деп аталатын сортын еккен шаруа қабығы жұқа әрі өнімі мол лимоннан жақсы табыс беріп отырғанын айтады.

Айнұр Әбілқасымқызы, тілші:

Лимон ағашының осылай нығайып, жеміс беруі үшін оны үш жылға дейін күтіп-баптау керек. Ал бір түптің өзінен орта есеппен 250 келіге дейін лимон теріп алуға болады. Бұл өсімдіктің ең бір артықшылығы – оның өнімі жылдан жылға көбейе береді.
Бағбан жемістің әр келісін жылыжайдан мың теңгеден саудалап жатыр. Оны еліміздің бірнеше облыстарынан келіп, тонналап сатып алады дейді.

Манатәлі Таңсықбаев, шаруа:

Бізге кіріп жатқан турецкий бар, аргентинский бар. Қазір туркменсийй кірді, тәжік лимоны бар. Біз енді соған әрекет істеп жатырмыз, аз ғана болса да елімізге пайдалы. Бүкіл Қазақстаннан сұранып жатыр. Бірақ Астананың базарына бара жатыр біздің лимондар.
Сарыағаш қаласындағы жылыжайлардың бірінде құлпынай пісіп тұр. Ашрафи Шымбергенов құлпынайдың қыстық сортын бір гектар жерге еккен. Оның көшетін Кореядан алып келіпті. Көктем шыққанға дейін 20 тонна құлпынай сатуды жоспарлаған.

Ашрафи Шымбергенов, шаруа:

Сол үшін шетелден алып келіп жатқандар олардың бәрі химиялық дәрілеп алып келіп жатқан жағдай. Қазір бізден өнім шығып жатыр. Олардан гөрі бізде арзандау әрі тәтті. Әрі табиғи жолмен шығарылған. Бүгін терілсе ертең Қазақстанның қалаған қаласына жеткізіп бере аламыз.
Жалпы ауданда 767 гектар жылыжай бар болса, шаруалар одан 120 мың тонна өнім жинаған. Дені қияр, қызанақ пен болгар бұрышы болса, қазір құлпынай мен лимон сияқты өнім түрлері көбейген. Жылыжай өсірушілерге желтоқсан айынан бастап субсидия беру басталды.


Айнұр Әбілқасымқызы

Хабарламаларға жазылу