Абай облысында барлық бағытта жолдар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында барлық бағытта жолдар жабылды

03.01.2024

Абай облысында кеше көктайғақ пен боран салдарынан барлық бағыттағы жолдар жабылды. Полиция қызметкерлері елді мекендерден шыға берістерде кезекшілік атқарды. Алайда, жол жабылса да, тәртіп сақшыларынан қашып сапарға шықпақ болғандар да бар. Курчатов қаласынан қарлы боранда полицияға бағынбай жолға шығып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды. Тәртіп сақшылары оны қуып жетіп тоқтатуға мәжбүр болған. Енді ескертуді елемеген азаматқа 110 мың теңге көлемінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке қамауға алынады.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу