Маңғыстаудың Қаракөл көлінен аққудың 227 өлексесі табылды. Мамандар қанаттылардың құс тұмауынан қырылып жатқанын анықтады. Айта кетейік, 21 желтоқсанда «Қарақия-Қаракөл» қаумалының инспекторлары Қаракөл аумағынан 30-ға жуық сыбырлақ аққудың өлексесін тапқан болатын. Зерттеу қорытындысы бойынша қанаттылардың қырыуылан құс тұмауы себеп екенін анықталып отыр. Қырылған құстар ветеринариялық заңнамада белгіленген тәртіппен жойылған.
Аягөз Оралбайқызы