Қ.Тоқаев: Тұрмыстық зорлық-зомбы¬лыққа қатысты жазаны қатайтуды толық қолдаймын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Тоқаев: Тұрмыстық зорлық-зомбы¬лыққа қатысты жазаны қатайтуды толық қолдаймын

03.01.2024

Мемлекет басшысы «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатайтуды толық қолдайтынын жеткізді. Сондай-ақ қоғам ішіне іріткі салып, жат қылықтарды ақтауды көздейтін кез келген әрекетке, құқықтық нигилизмге қоғам болып тосқауыл қоюымыз керек деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

«Мұндай қылмыстардың алдын алып, жолын кесу үшін менің тапсырмаммен нақты шаралар қа¬былдануда. Әйелдер мен балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарды тергеумен әйел тергеушілер айналысатын болды. Сондай-ақ ішкі істер органдарында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғаумен шұғылданатын мамандардың штаты қалпына келтіріліп, олардың құзыреті күшейтілді. Сондай-ақ Мәжілістің бір топ депутаты халыққа Жолдауымның аясында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің жаңа әрі тиімді шараларын қарастыратын заң жобасын әзірлеп жатыр».

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу