Оралда газ қоспасы жарылып, қираған дәмхана ғимаратының астынан құтқарушылар тағы бір адамның денесін алып шықты. Қайғылы оқиғада қаза тапқандардың жалпы саны үшке жетті. Апаттан құтқару шаралары жалғасып жатыр. Жарылыс түнгі сағат 2-лер шамасында болған. Әуелі ғимаратта газ қоспасы жарылып, төбесі опырылып ортасына түсіп, кейін өрт шыққан. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, дүмпуі көрші тұрған үйлердің терезесін сындырып жіберген. Алты адам құтқарылды. Олардың 5-еуі ауруханаға жатқызылды. Біреуі дәрігерлер бақылауынан бас тартты. Ауруханадағы 2 ер және 2 әйел адам жансақтау бөлімінде, бір ер адам травматология бөлімінде ем алып жатыр.
Рашид Біләлов, төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары:
Қазіргі таңда апаттан құтқару жұмыстары құлаған ғимарат астында жүріп жатыр. Болжам бойынша астында тағы адамдар бар деген күмән бар.
Ардақ Мұратқызы