Қаңтар оқиғасы кезінде еліміздің тұтастығына зор қауіп төнді. Ал егер Президент дер кезінде шешім қабылдамағанда, елде мемлекеттік төңкеріс болып, билік ауысатын еді. Саясаттанушы Марат Шибутов 2 жыл бұрын болған оқиғаға осындай баға берді. Оның сөзінше, ескі саяси элита өкілдері өз билігін сақтап қалуға ұмтылуы, елде нақты қоғамдық-саяси өзгерістердің болмауы Қаңтар оқиғасына себеп болған.
Айта өту керек, қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанда түрлі саяси-экономикалық реформалар жүзеге асырылды. Сонымен бірге, елде саяси либерализация және демократия құру жолында жұмыс жүріп жатыр.
Марат Шибутов, саясаттанушы:
Мен оқиға желісін рет-ретімен жинақтауға тырыстым. Сараптама жасау үшін түрлі материалдар, деректі фильмдер мен бағдарламаларды шолып шықтым. Оқиғаны жан-жақты талдадым. Халықтың нарызылығы мен революция немесе мемлекеттік төңкеріс жасау секілді барлық нұсқаны көрдім. Соның ішінде соңғы нұсқа шындыққа санасады деген қорытындыға келдім.