Қазақстан бірнеше халықаралық ұйымға төрағалық етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан бірнеше халықаралық ұйымға төрағалық етеді

04.01.2024

Президент сұхбатында Қазақстанның сыртқы саясаты көпвекторлы бағытпен, бейбітшілікпен сипатталатынын айтты. Бұл стратегия дәйекті әрі сәтті жүзеге асып келеді. Президент «2024 жылы да осы үрдіс кең көлемде жалғасын табады»,-деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз ұлт мүддесін ескере отырып, сындарлы әрі салиқалы сыртқы сая­сатты жалғастырамыз. 2024 жылы елімізде бірқатар ауқымды саммит, форумдар өтеді. Қазақстан бірнеше беделді халықаралық ұйымға, атап айтсақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық етеді.

Хабарламаларға жазылу