Осы айдан бастап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін 55 жастан асқандар арнайы әлеуметтік төлем алады.
Бұл Президенттің тапсырмасымен қол алынды. Төлем ай сайын зейнетке шыққанша беріледі. Бастысы 7 жыл үздіксіз кәсіптік зейнетақы жарналары болуы керек. Айта кетейік, бұл жарна түрін жұмыс беруші өз есебінен төлейді. Оның көлемі жұмысшының алып отырған айлығының 5 пайызынан кем болмауы тиіс.
Шалқар Оразбеков, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаменттің басқарма басшысы:
Көп азаматтар түсінбейді, «мен де зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеймін, бірақ менде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жоқ»,-деп. Бұл жерде нақты айтатын мәселе міндетті түрде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының болуы. Бұл төлемді алу үшін бірінші кезектегі талап – зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтардың сол зиянды еңбек жағдайларнынан шығуы, яғни, жеңіл жұмысқа ауысуы немесе еңбек шартын тоқтатуы.
Бүгінде міндетті кәсіптік жарнаны аударып отырған кәсіпорындарда 37 мың адам жұмыс істейді. Яғни осы азамттардың барлығы шамамен 208 мың теңге қосымша төлем алады.
Әйгерім Ердәулет