Астанада құрылыс компанияларының басшылары тергеліп жатыр. 10 көппәтерлі тұрғын үй кешенін жосықсыз салғандарға қатысты 7 қылмыстық іс қозғалған. Қалалық прокуратура тергеу барысының бақылауға алынғанын мәлімдеді. 7 адамға, оның ішінде құрылыс компанияларының 3 басшысына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Ресей Федерациясы құқық қорғау органдарының көмегімен негізгі фигуранттардың бірі – Мәскеу қаласы аумағында ұсталды. Ол мемлекетке 5 миллиард теңгеден асатын залал келтірді деген күдікке ілінген.
Асылбек Данияр