Маңғыстаудың Қаракөлінде өлген аққудың саны 600-ден асты. Сыбырлақ аққулар құс тұмауынан қырылып жатыр. Олардан «H5N1» азиялық штаммы табылған. Бұл вирус құс атаулыға жұғады. Сондықтан аймақта үй құстарына мониторинг жүргізілуде. Құзырлы органның мәліметінше, облыстағы 3 құс шаруашылығы жабық түрде жұмыс істейтіндіктен, егуден бас тартқан. Ал қалған үй құстары күзде ғана вакцинацияланыпты. Айта кетейік, ерекше қорғауға алынған Қаракөлде аққулардың қырылуы 21-желтоқсанда тіркелді. Содан бері жағалауынан күн сайын өлексе жиналуда. Қорық инспекторлары оларды санитарлық талаппен өртеп жатыр. Жергілікті мамандар аққулардың қырылуына - көлде қоректік заттардың азаюы себеп болғанын айтады. Сондықтан Алматы қаласынан орнитолог мамандар шақырылған. Олар қосымша зерттеулер жүргізбек.
Жасқайрат Нұрмұхамбетов, «Үстірт» мемлекеттік тарихи қорығы директорының міндетін атқарушы:
Қаракөл көлінде құстарды жемдеуге және осы тұрғындарға арнайы киімсіз қазіргі құс тұмауы кезінде өте қауіпті. Құстарды жемдеуге қаражат жинаймыз дегендерге алғысымызды білдіреміз Бірақ ондай шараларды көлде жасауға болмайды. Арнайы мамандар келеді. Солардың қорытындысы бойынша жұмыс ары қарай жалғастырады.
Аягөз Оралбайқызы