Шетелден де бірер ақпар. АҚШ билігі «737 MAX 9» ұшағындағы ақаудан соң, ((Boeing)) Боинг компаниясының 171 әуе кемесін ұшыруға уақытша тыйым салды. Федералды азаматтық авияция басқармасы енді оларды мұқият тексеріп, қауіпсіздігіне көз жеткізу керек. Содан кейін ғана, жолаушылар ұшақтарын пайдалануға рұқсат берілмек. Айта кетейік, өткен жұма күні Alaska ЭйрЛайнсқа қарасты «Боинг 737 Max 9» авиалайнері аспанға көтерілу кезінде қосымша апатты шығу есігінің орнына қойылған панель жұлынып, түсіп қалған. Бірақ, апат кезінде жолаушылар түгел белдік тағып отырғандықтан, зардап шеккен жоқ. Қосымша тексеру үшін жерге қондырылған ұшақтар да сондай панельмен жабдықталған болып шықты. Алайда, екі жүзге жуық лайнерді бір уақытта пайдалануға шектеу қойылуы/ елдегі жолаушылар тасымалына бірден әсер етті. Мыңдаған адам уақытылы ұша алмай, жолдан қалып жатыр.
Жалғас Сәдібекұлы