Ұлытау облысын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар тікелей Президенттің назарында. Өңірге жұмыс сапарымен барып, жұртшылықпен кездескен мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, осылай деді. Жиын барысында ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда ғана берген сұхбатындағы негізгі басымдықтарға назар аударды. Одан әрі депутаттар Жезқазған жылу электр орталығына барып, кәсіпорынды жаңғырту барысымен танысты. Сондай-ақ, Жезқазған байыту комбинатында болып, Сәтбаев қаласындағы «Анненская» кенішіне түсті. Ерлан Қошанов кәсіпорын қызметкерлерімен кездесуде, Мемлекет басшысының өзекті мәселелерді шешу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған заңнамалық бастамаларға тоқталды.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Президент шешімімен қайта жаңғырған Ұлытаудың өңір үшін ғана емес ұлтымыз үшін де орны бөлек. Осыған орай мемлекет басшысының өңірде бірқатар әлеуметтік мәдени нысандар тұрғын үйлер салу жөнінде тапсырмалары бар. Оны орындау бәріміз үшін басты міндет. Ертең оның сұрауы да болады. Оны бірінші кезекте біз депутаттар қазір өзіміздің бақылауымызға алдық.