Жыл басынан бері 1700 адам қызылша жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері 1700 адам қызылша жұқтырған

09.01.2024

Бүгін премьер-министр Әлихан Смайылов қызылшаға қарсы вакцина егу жұмыстары төмен өңірлерді сынға алды. Өйткені Үкімет резервінен қыруар қаржы бөлініп, миллионнан астам қосымша доза сатып алынғанымен егу көрсеткіші көңіл көншітпейді. Індет бой берер емес. Толығырақ Үкімет отырысына қатысқан тілшіміз айтсын. Досжан, вакцина егу көрсеткіші қай аймақтарда төмен?

Досжан Маратұлы, тілші:

Үкімет басшысының айтуынша, Қарағанды, Қостанай облыстарында екпе егу қарқыны өте баяу. Сондықтан халық арасында түсіндіну жұмыстарын жандандырып, қызылшаға қарсы иммундау деңгейін арттыру керек деді. Өйткені індет өршіп барады. Тіпті 10 жылда болмаған көрсеткішке жеткен. Ал ауырғандардың басым бөлігі вакцина алмағандар мен 14 жасқа дейінгі балалар.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап қызылшаның 1674 жағдайы тіркеліп отыр. Желтоқсан айында 2023 жылғы қарашамен салыстырғанда слайдта көрсетілген 11 өңірде сырқаттанушылықтың өсуі байқалды.

Қазір қызылшаға қарсы вакцинаның қосымша бір жарым миллион дозасы сатып алынды. Әлихан Сымайылов оны қысқа мерзімде егу қажет деді. Әсіресе шалғай елдімекендер назардан тыс қалмауы керек. Сондықтан бұл мәселені әкімдер қатаң бақылауында ұстауы қажет деді премьер.

Досжан Маратұлы, тілші:

Бұдан бөлек, Үкімет отырысында су тасқынана қарсы күрес мәселесі де қаралды. Бұл туралы алдағы шығарылымдарда айтамыз.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу