Павлодар облысы Аққулы ауданында балабақша директоры мен есепшісі қазынадан 62 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған. Олар миллиондарды 7 жыл бойы ұрлаған. Ол үшін мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне артық жұмыс істеді деп, қосымша сағаттар қосып сыйақы жазған. Бірақ ақшаны өздеріне алып отырған.
Ағидел Ибраева, облыстық соттың баспасөз қызметінің хатшысы:
Сот К.Қ-ға зейнеткерлік жасын ескере отырып 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. К.Ғ-ға шын ниетпен өкінуі, мүлікті залалды ішінара өтеуін, асырауында кәмелетке толмаған 4 баланың , оның екеуі жас бала екенің ескере отырып, жазасын өтеуді кейінге қалдыра отырып 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Болат Аманбаев