147 680 теңге: Түбіртексіз сауда жасайтын кәсіпкерлерге айыппұл салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

147 680 теңге: Түбіртексіз сауда жасайтын кәсіпкерлерге айыппұл салынады

09.01.2024

147 680 теңге. Түбіртексіз, қолма-қол сауда жасайтын кәсіпкерлерге салынатын айыппұл құны осындай. Жыл басталғалы салықтан жалтарып, кәсіппен заңсыз түрде айналысатындар көбейген. Сондықтан енді мобильді аударымдар тексеріледі. Қаржы министрлігі мұны заңсыз кәсіпкерлікті «көлеңкеден» шығаруға бағытталған қадам деп отыр. Аида Ахметбек рет-ретімен..

Альбина Ниязбек 8 жылдан бері жеке кәсіппен айналысады. 6 ай сайын кірістері туралы декларация тапсырады. Қазір тұтынушылардан онлайн да, қолма-қол да төлем қабылдайды. Заңға сай түбіртек береді. Оның айтуынша, заңсыз сауданың пайдасынан зияны көп.

Альбина Ниязбек, жеке кәсіпкер:

15 халықтың сұранысына қарай, каспий qr және де чек арқылы біз қазір төлемдерді қабылдаудамыз. Ештеңеге қарамаймыз қолма-қол болса қолма қол, тиісінше біз оларға түбіртек беру міндетіміз. Нәтижесінде біз өз істеп жатқан кәсібізден қорықпаймыз барлығы заң жүзінде болғандықтан.

ек қана қолма-қол төлем қабылдау тұтынушылардың құқығын бұзады. Тұтынушылардан тек қолма-қол ақы талап еткен кәсіпкерлер үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.

Мақсат Халық, экономист:

1-35 егерде айына азаматтардың каспий шотына 100 аударым түсетін болса, және ол 3 ай бойы қайталанатын болса, яғни 300 адам 3 айда. Сондай кезде ғана салықтық органдар шығарып, қандай да бір сұрақтар қойып, неге әртүрлі аударымдар түсті деген сұраққа алуы мүмкін.

Аида Ахметбек, тілші:

Қаржы министрлігі салық режимдерінің тәртібі жеңілдетілгенін айтады. Қазір салық мөлшерлері кәсіпкерлік түріне байланысты 1-ден 4%-ға дейін есептеледі. Демек, төлемге қатысты заңбұзушылықты байқаған кез келген тұрғын мемлекеттік кіріс органдарына жүгіне алады.


Хабарламаларға жазылу