Маңғыстауда Қаракөлге белгісіз қара сұйықтық төгіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда Қаракөлге белгісіз қара сұйықтық төгіліп жатыр

09.01.2024

Ақтаудағы «Қаракөл» көліне жақын маңдағы қонақ үйден құбыр арқылы белгісіз қара сұйықтық төгіліп жатыр. Тұрғындар мен экологтар бұл аққулардың өліміне себеп болуы мүмкін деп қауіптенеді. Өйткені, бұған дейін де қонақ үй тарапынан «Қаракөлге» ағынды су төгілген. Ол кезде экологиялық талаптардың бұзылғаны анықталып, 76 миллион теңге айыппұл салынған. Сондықтан, экологтар осы жолы да, қонақ үйге жоспардан тыс тексеру жүргізбекші. 7 қаңтарда олар құбырдан аққан қара сұйықтықтан сынамалар алған. Бірақ, оның зертханалық қорытындысы әлі шыққан жоқ. 

Айта кетейік, аймақта алдын ала болжам бойынша, құс тұмауынан 700-ге жуық аққу қырылып қалды. Қанаттылар ерекше қорғалатын аумақтағы «Қаракөл» көлінде қыстап жатқан болатын. Аққулардың жаппай қырылу себебін анықтау үшін облысқа Алматыдан орнитолог мамандар барды.

Мағжан Ғалымов, Маңғыстау облыстық экология департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушы:

Егер де мына сынама нәтижелерінде шамадан тыс арту анықталған жағдайда, тексеріс жүргізуге себеп болып табылады. Заңмен қарастырылған кәсіпкерлік кодекспен ертеңдері нәтиже шығатын болса лаборатория сынамаларының. Прокуратура органдарына хабарланып, және олардан ұсыныс алынып, біздің тарапымыздан тексеріс тағайындалады. 


Хабарламаларға жазылу