Жапонияда зілзала құрбандарының саны 180-ге жетті. 28 мыңдай тұрғын әлі де эвакуациялау орталықтарын паналауға мәжбүр. Бүгін мектептердегі екі апталық қысқы каникул аяқталды. Алайда, жер сілкінісінен қатты зардап шеккен Исикава префектурасындағы 80-нен астам мектепте оқу әлі басталған жоқ. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Үкімет табиғи апаттан зардап шеккен Ното түбегін қалпына келтіруге, 33 миллион доллар бөлетінін жариялады.