Қайрат Сатыбалды мемлекетке 650 млрд теңге қайтарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Сатыбалды мемлекетке 650 млрд теңге қайтарды

10.01.2024

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке қайтарған қаражат көлемі 650 миллиард теңгеге жетті. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы күрес комитетінің арнайы өкілі хабарлады. Арман Тілеукеновтың айтуынша қазір «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру» бабы бойынша тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілген. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, қылмыстық жолмен келген ақшаға Қайрат Сатыбалды шетелден түрлі мүлік алған. Қаражат қазақстандық және шетел банктеріне салынған. Ал «Салық төлеуден жалтару» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу әлі жалғасып жатыр.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу