Көкшетауда бюджет қаржысын жымқырғаны үшін айыпты деп танылғандарға қатысты аппеляциялық сот шешімі шықты. Сегіз және жеті жарым жылға бас бостандығынан айырылған құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары мен серіктестік құрылтайшысының шағымы қанағаттандырылған жоқ. Бірақ, олардың туыстары сот үкімімен келіспейді. Айтуларынша, істі қарау кезінде кейбір дәйектер толық зерттелмеген. Айта кетейік, сотталушылар осыдан бір жыл бұрын Щучинск қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарына бөлінген 50 миллион теңгені талан-таражға салғандары үшін сотталған. Яғни, іс жүзінде орындалмаған жұмыстарды аяқталды деп құжаттарға қол қойған. Ал жеті жылға бас бостандығынан айырылған техникалық қадағалау инженерінің ісі қайта қаралып,аппеляциялық сот шешімімен жазасын өтеу мерзімі 2 жылға дейін қысқартылды.
Ләззат Шаймерденова, сотталушының жұбайы:
Біз сотқа өтінішпен қоса дәйек бола алатын видеоматериалдарды бергенбіз. Бірақ ол толық қарастырылған жоқ. Сондықтан, бұл шешіммен келіспейміз. Алдағы уақытта істі қайта қарау үшін арыз береміз. Жоғарғы сотқа барамыз.
Ұмсындық Наурызбаева