Мобильді аударымдарға жаппай тексеріс жүргізілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мобильді аударымдарға жаппай тексеріс жүргізілмейді

10.01.2024

Кәсіпкерлердің төлемді тек қолма-қол ақша арқылы талап етуі – заңсыздық. Сондықтан тұтынушы кәсіп иесінің үстінен салық органдарына шағымдана алады. Түбіртексіз сауда жасайтындарға 147 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Ал қазақстандықтардың мобильді аударымдарына жаппай тексеріс жүргізілмейді. Қаржы министрлігінің мәліметінше, тек 3 ай бойы 100-ден астам түрлі адамнан төлем жасалған жағдайда ғана ақша аударымдары бақылауға алынады. Себебі, мұнда кәсіпкерлік қызметтің белгілері бар. Ал кәсіппен айналысатындар төлемді шот арқылы, кюар код немесе кассалық аппарат арқылы қабылдауға тиіс. Осылайша, олар мемлекетке 1 пайыздан 4 пайызға дейін салық төлейді. Ал туған-туыс, достар немесе әріптестер арасындағы аударымдар тексерілмейді және оның санына шектеу жоқ.


Хабарламаларға жазылу