Маман тапшылығынан 3 миллионнан астам қазақстандық алғашқы медициналық көмексіз қалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маман тапшылығынан 3 миллионнан астам қазақстандық алғашқы медициналық көмексіз қалады

11.01.2024

3 миллионнан астам қазақстандық оқыс жағдайға тап болса алғашқы медициналық көмексіз қалады. Себебі маман тапшы. Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова медицина саласындағы қордаланған мәселелерді көтерді. Тұрғындар сапалы медициналық көмек аламыз деп үлкен емханаларға тіркелгенді жөн санайды. Бұл кезектің көбеюіне, бөлінген қаржының жоспарсыз жұмсалуына алып келеді. Ал шағын емханалар керісінше құлдырай береді. Сондай-ақ, емханалар өздеріне бөлінген қаржының пайдалану мақсатын басқара алмайды. Олар адам емдеуді емес қаржылық есепті дұрыс беруді көбірек ойлайтын болды дейді депутат.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Медициналық ұйымдар пациенттерді емдеу, ауруларды талдау емес бекітілген қаражат игерілмегені немесе сызықтық шкаладан асса салынатын айыппұлдарды болдырмаумен айналысуда. 2023 жылдың қорытындысыменен қор тарапынан медициналық мекемелерге 16 млрд теңге қаржылық айыппұлдар салынса оның 92,5 пайызы емханаларға тиесілі. 


Хабарламаларға жазылу