Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттар әсерінен ауа райының тұрақсыз, құбылмалы сипаты сақталады. Осыған байланысты синоптиктер 14 облыста дауылды ескерту жарияланды. Бірқатар өңірде жауын-шашын болады.
Қазгидромет мамандарының болжамынша, ел бойынша тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел соғады. Сондай-ақ қатты аяз салдарынан елордадағы бірінші ауысымда оқитын 1-9-сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды. Ал Батыс Қазақстан облысында боран салдарынан 9 жол учаскесі жабылған.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=14 облыста дауылды ескерту жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/187509/)