Қызылорда облысы Қазалы ауданында жаңа мектеп пен мәдениет үйі ел игілігіне берілді. Әйтеке би кентінде халық саны жылдан жылға өсіп келеді. Енді жаңа мектептің ашылуымен балалар екі ауысымда емін-еркін екі оқуға мүмкіндік алып отыр. Білім ордасы 250 орынға шақталған. Ал аудан өнерпаздары 600 көрерменге арналған заманауи мәдениет үйінің пайдалануға берілуін көптен күтті. Өнер орталығына қазақтың белгілі әншісі Роза Бағланованың есімі берілді.
Балқыз Өмірзақ, домбыра үйірмесінің жетекшісі:
Роза Бағланова атындағы мәдени орталығы жанында 142 үйірме бар. Осы ғимарат ашылғаннан кейін тағы да үйірмелер көбейеді деп сенемін. Үлкен мүмкіндік бар, барлығына жағдай жасалған.
Әділбек Серікұлы