Мамандар Алматыда жер сілкінісі болуы мүмкін деген жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мамандар Алматыда жер сілкінісі болуы мүмкін деген жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды

12.01.2024

Таулы аймақта орналасқан Алматыда кішігірім жер сілкіністері болып тұратыны белгілі. Мәселен, бір жылда 200-ге жуық шағын тербеліс болған. Өткен аптада да 2 балдық жер дүмпуі сезілсе, Түрген ауылында 3 балл болды. Осындай ақпаратты желеу етіп, көптің зәресін алатындар аз емес. Олар "келесі апта мегаполисте жойқын зілзала болады" деп әлеуметтік желіде жар салған. Бұған сейсмологтардың жауабы қандай? Ғылыми тұрғыда қандай тұжырымға сүйенеміз? Әйгерім Ердәулет жалғастырады.

Әлеуметтік желіде қара аспанды төндіріп, "алдағы апта Алматыда жойқын жер сілкінісі болады" деп жұртты дүрліктіріп жүргендердің сөзіне сейсмологтар нүкте қойды. Арнайы брифинг өткізіп, қалалықтарды дақпырт сөзге сенбеуге шақырды.

Нұрсарсен Өзбеков, ҚР ТЖМ Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы директорының орынбасары:

Жер қыртысына қатысты 200-ге жуық параметрді зерттеп, үнемі қорытынды жасаймыз. Осы аптаның қысқа мерзімді болжамына сәйкес, 10 қаңтар мен 17 қаңтар аралығында магнитудасы 5,5 жойқын жер сілкінісі болмайды.

Әйгерім Ердәулет, тілші:

Мамандар осы жылдың толық болжамы қаңтардың аяғында дайын болатынын айтты. Қазір 10 зертхана жұмыс істеп жатыр. 26 жылдан бері болжам жасап келе жатқан Ғылыми орталық мамандары осы уақытқа дейін шатасқан жоқпыз, алдын ала айтқанымыз дөп келіп жатыр, - дейді дейді. Былтыр да сейсмологтар жойқын зілзала болмайды деген. Ал құтқарушылар айтып келмейтін апат бола қалса, бастапқы 5-10 секнудтің ішінде аман қалудың амалын ойлап үлгеру қсажеттігін ескертеді.

Бекболат Мұхитдинұлы, қалалық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

Үрейге салынбай нақты не істеуіңді білу қажет. Жер сілкінісі кезінде көп адам түсінбейді, көп адам лифт, баспалдақпен қолдана бастайды. Естеріңізде сақтаңыздар, мына лифтпен неге қолдануға болмайды? Өйткені қала бойынша жарық өшіріледі. Баспалдақ деген ең қауіпті жер. +5041 бізде қауіпсіз жерлер есіктің асты, бұрыштың қасы, регель балка деп жатырмыз. Қастарыңызда жиһаз болмауы керек.

Алматыдан бөлек, жер сілкіну қаупі бар аймақтарға: графиКа: Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары да кіреді. 450 мың шақырымды алып жатқан жерде 6 миллионға жуық халық тұрады. Мамандар, жыл сайын қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатырмыз, - дейді. Мәселен, Алматыда былтыр үш жарым мың ғимараттың сейсмикалық қауіпсіздігі тексерілген. Қалған 13 мың нысан биыл бақылаудан өтеді.


Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу