Қазақ әскері Орталық Азияда көшбасшы атанды. Global Fire power порталы әскери әлеует деңгейі бойынша жылдық рейтингін жариялады. Қазақстанның қарулы күштері 145 мемлекеттің ішінде 58-ші орынға көтерілді. Әр мемлекеттің әскері 60 түрлі критерий бойынша бағаланған. Қазақ әскерінің бүгінгі әлеуетін қандай? Оңғар Алпысбайұлы айтады.
Қазақ әскері Орталық Азияда көшбасшы атанды. Global Firepower порталы әскери әлеует деңгейі бойынша жылдық рейтингін жариялады. Қазақстанның қарулы күштері 145 мемлекеттің ішінде 58-ші орынға көтерілді. Әр мемлекеттің әскері 60 түрлі критерий бойынша бағаланған. Әріптесім толықтырады.
Порталдың есепке алған ақпаратына сай, Қазақстан қарулы күштерінің қатарында қазір 300 мың адам бар. Армияның қорғаныс шығындары 7,5 млрд долларға жеткен. Рейтингтегі 145 елдің көшін АҚШ бастап тұр. Одан кейін Ресей мен Қытай. Ал Қазақстан былтырғы 63-тен 58-орынға көтерілген. Бұл Орталық Азиядағы үздік көрсеткіш.
Рейтингті құру барысында портал елдерді әскери бөлімшелер, адам ресурсы, қаржымен қамтылуы, технологиялық даму, географиялық орналасуы, мобильділігі сияқты 60 критерий бойынша салыстырған.
Бақытжан Ертаев, «Тәуелсіз Қазақстанның халық батырлары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
Бұл өте бір жақсы нәтиже. Меніңше ойлаймын бұл ары қарай тағы алға басады. Себебі әнеу күні министрі Руслан Жақсылықов депутаттардың алдында сөйлегенде атап өтті. Қазіргі ары қарай мақсаты резерв құру. Резервный армия құру тағы. Ол контрактниктер. Ол армиямызды көбейтеді. Өйткені бір жағынан күшейіп отырғаны екінші жағынан профессионалға ауысқанымыз. Сол себепті бұл мақсатқа жетеді деп көзім жетеді.
Мұндай рейтинг қарулы күштеріміздің қай тұсын дамыту қажеттігін саралау үшін маңызды. Одан бөлек, халықаралық мамандар бағалай аламайтын маңызды бағыттарды ұмытпауымыз керей, - дейді сарапшылар.
Амангелді Құрмет, әскери журналист:
Мұндай рейтингте әскердің нақты дайындығы. Әскердің білімі дегенді көрсете алмайды. Мысалы шын мәнінде біз қарулы күштерге жаңа заманауи техника алуымыз мүмкін. Алайда, сол техниканы игеретін маман сапасыз болатын болса одан қайыр жоқ. Рейтинге бұл ескерілмейді. Алайда біз оған назар аударуымыз керек. Мамандарымыздың сапасы, білімі қандай болуы керек деген.
Қарулы күштердің қауқары өзгелердің мысын басу үшін қажет. Яғни, әскерді соғысу үшін емес, соғысты болдырмау үшін жасақтаған абзал. Сарапшылардың пікірі осындай.
Оңғар Алпысбайұлы