Ата-ана баласының болашағы үшін ақша жинауды әдетке айналдыруы керек. Бүгін «Жедел желі» бағдарламасына қатыстақн ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Келешек» бағдарламасының ұтымды тұстарына тоқталды.
Жоба қазір Мәжілістің қарауында. Құжат мақұлданса, шот ашуға өтініш беру басталады. Оған мемлекет 60 АЕК мөлшерінде бастапқы капитал салады. Ал ата-ана ай сайын кемі бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қаражат құйып отыруы тиіс. Бұл қазір 3 692 теңге.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
Осымен бастап жинақтаса 3 жарым, 4 млн теңгеге жиналып қалады. Оның үстіне Ұлттық қордан түскен ақша бар. Бір 10 мың доллардың көлемінде. Ал егер ата-ана екі көрсеткіш, үш көрсеткіш 10 мың теңгенің шамасында қазір. Онда 7 жарым млн-ға дейін өзіне жинай алады. Бұл қазіргі таңда кез келген ЖОО-на түсуге жеткілікті ақша.